1 мамыр- Бірлік күні!

Қазақстан халқының бірлігі күнін мерекелеу аясында Бәйтерек колледжінде бірқатар іс-шаралар өткізілді. Колледж кітапханашысы Е.В.Колбанова мен тәрбиеші И.В.Ждубановамен бейнеролик әзірленді.

"Бұл күн тарихта..."

Колледждің бекітілген тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес 29 сәуірде "Бұл күн тарихта..." тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.

"Әділет кеңес береді" акциясына қатысты

10 наурыз күні Бәйтерек колледжінің студенттері арасынан еріктілер Бәйтерек аудандық әділет басқармасының қызметкерлері мен және ХҚКО қызметкерлерімен бірлесіп "Әділет кеңес береді" акциясына қатысты. Бұл акцияның мақсаты-азаматтарға құқықтық мәселелер бойынша кеңес беру болды.

Кездесу

2020 жылдың 12 наурызында  Бәйтерек колледжінде студенттер аудандық аурухана қызметкерлерімен, атап айтқанда, СӨС кабинетінің медбикесі А.Б.Ишамбек, аурухана психологы А.Б.Мулдашева және эпидимиолог А.С.Нанаевамен кездесті.

1 наурыз - «Алғыс айту» күні

02.03.2020 күні колледжіміздің кітапханасында «Алғыс айту» күніне арналған шара Калинин ауылдық кітапханашысы Карима Саидахметқызымен бірлесе оздырылды.