Created: 14 Қазан 2019
308

Тәжірибе

«ЗЕЛЕНОВ КОЛЛЕДЖІ» МКҚК КӘСІПТІК ТӘЖІРИБЕСІ

 

Өндірістік тәжірибе Зеленов колледжінің білікті мамандарды дайындауда оқу процесінің негізгі құрамдас бөлігі болып табылады және оны студенттердің өтуі (орындау) міндетті.

 

Тәжірибе кезінде теориялық білімін бекіту және нақтылау, студенттердің таңдаған мамандығының біліктілігін мен дағдысын игеру.

 

Тәжірибе өтер алдында тәжірибеге жауаптылар тәжірибенің негізгі ережелерін (мақсатын, міндетін, мазмұнын және тәжірибенің өту тәртібін және тапсырманың орындалуын) түсіндіру үшін студенттермен конференция өткізеді.

 

Тәжірибенің мақсаты - студенттердің теориялық оқыту процесі кезінде алған білімін тереңдетіп және оны бекіту, мамандық бойынша практикалық жұмысқа қажетті біліктілік, дағды және тәжірибені жинақтау, болашақ еңбек қызметіне түлекті дайындау, кәсіптік бейімделу кезеңін қысқарту, өзіндік зерттеу жұмысын дамыту.

 

Тәжірибенің міндеттері –түрлі жеке формадағы кәсіпорындардан практикалық дағды жию, дипломдық жобаны орындауға қажетті ақпараттарды жинау.

 

Кәсіптік тәжірибенің ұзақтығы және тәжірибеден өту күнтізбелік кестесі мамандықтың оқу жоспарымен анықталады, жұмыс беруші ұйымдармен әлеуметтік серіктестіктер туралы келісім шарт негізінде,студенттердің кәсіптік тәжірибеден өтер алдында 1 ай бұрын жасалынады.

 

Кәсіптік тәжірибенің ұйымдастырушысы және қатысушысы болып студент, колледж атынан тәжірибе жетекшісі және қабылдаушы кәсіпорынның тәжірибе жетекшісі болып табылады.

 

Тәжірибенің жалпы жетекшілігі колледж директорының оқу – өндірістік жұмысының орынбасарымен жүргізіледі.

 

Тәжірибе түрлері:

 

Студенттің өндірістік(кәсіби) тәжірибесі тәжірибенің 3 түрін қамтиды:

 

1. Оқу тәжірибесі

 

2. Технологиялық тәжірибе(мамандық бойынша)

 

3. Өндірістік(дипломалды) тәжірибе