Created: 02 Желтоқсан 2020
64

Тәрбие жұмысы

"Жастар арасында экстремизмнің алдын алу"

 

Колледждің алдын алу жұмысының маңызды бағыттарының бірі оқушылар арасында экстремизм мен терроризмнің алдын алу болып табылады. 04.12.2020 жылы, zoom платформасында колледж студенттері арасында Бәйтерек колледжі директорының м.а. Д.Т. Қажмұратовтың, "Дінтану" пәнінің оқытушысы К.А.Тулгабаеваның, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары С.А.Алатаеваның қатысуымен "Жастар арасында экстремизмнің алдын алу" тақырыбында конференция өткізілді. Іс-шараның мақсаты: жастар арасында терроризм мен экстремизм идеологиясына және басқа да қоғамға қарсы әрекеттерге тұрақтылықты қалыптастыру.

Конференция барысында толеранттылық тақырыбы ашылды. Іс-шара экстремизм мен терроризмнің пайда болуының алдын алуға, білім деңгейін арттыруға, экстремизм мен терроризм сияқты ұғымдарға батыл қарсы тұру үшін қырағылық, жауапкершілік, мейірімділік және түсіністік сезімдерін дамытуға бағытталған.


«Біз ЖҚТБ-ға қарсымыз!»

24-30 қараша аралығында Бәйтерек колледжінде психолог Энгель А.В. және әлеуметтік педагог Курмангалиева И. К. барлық оқу топтарында: танымдық және әлеуметтік бейне - роликтерді көрсете отырып, АҚТҚ/ЖҚТБ бойынша суреттер конкурсы және алдын алу сағаттары өткізілді.

 


30 қараша күні "Бәйтерек колледжі" МКҚК-да студенттер арасында  қоғам және мемлекет қайраткері, Алаш партиясының мүшесі, ағартушы, ақын, ғалым — лингвист Ахмет Байтұрсынов және қазақ импровизатор ақыны, "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Бекарыс Шойбеков туралы бейнероликтерді көрсетумен "Адалдық сағаты" өткізілді.

 


23-30 қараша аралығында «Бәйтерек колледжі» МКҚК-да тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған іс-шаралар: «Менің Қазақстаным!Сен Менің Отанымсың!» атты дөңгелек үстел, «Болашаққа Президентпен бірге», суреттер байқауы, «Тұңғыш Президентпен бірге қуатты Қазақстан үшін» тәрбие сағаттары, үйірмелер бойынша танымдық сағаттары өткізілді.