Created: 14 Қазан 2019
426

Колледж тарихы

 

 

 

ТАРИХИ ХРОНОЛОГИЯ

 

1932 жылы Камен совхозы жанынан оқу комбинат-совхозы құрылды.

1934 жылдың 1 қазанында КСРО жер шаруашылығы халықтық комитетінің №107/10 бұйрығы негізінде механикаландыру мектебі болып қайта құрылды.

1941 жылы-Қызыл Армия бөлігінде ұшу құрамын даярлау үшін ұшқыштар мектебі болып қайта құрылды.

1947 жылы №13 ауыл шаруашылығын механикаландыру мектебі болып қайта құрылды.

1980 жылдың 1 қыркүйегінен-Зеленов "№13 ауылдық орта кәсіптік-техникалық училищесі" (№13 АОКТУ).

1994 жылғы 9 шілде - "№13 кәсіптік-техникалық мектеп" мемлекеттік мекемесі (заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы № 2235-1926 куәлігі).

2002 жылдан бастап "Бастауыш кәсіптік білім беру ұйымдарының атауларын ретке келтіру туралы"13.09.2002 жылғы №287  бұйрығы негізінде - "№13 кәсіптік мектеп"ММ.

2009 жылдың 26 ақпанында Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының №9 бұйрығымен "№13 кәсіптік лицей" мемлекеттік мекемесі болып өзгертілді. (заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы 2009 жылғы 29 сәуірдегі №152-1926-07-ММ куәлігі).

        2012 жылдың 15 наурызынан бастап Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының №153 бұйрығымен-Батыс Қазақстан облысының әкімдігі  білім басқармасының "Зеленов колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны (заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы 2012 жылғы 7 қыркүйектегі № 299-1926-07-ММ куәлігі).        БҚО әкімінің 2019 жылғы 13 тамыздағы № 208 қаулысымен Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының "Зеленов колледжі" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының атауы Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының «Бәйтерек колледжі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны болып өзгертілді. 

.