Created: 12 Қараша 2020
197

Бос орындар

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі білім басқармасының «Бәйтерек колледжі» МКҚК азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды: 

1. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары- 1 бірлік.

Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе өзге де жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім және білім беру ұйымдарындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл;

және (немесе) "басшы" (санатсыз), "үшінші санатты басшы", "екінші санатты басшы", "бірінші санатты басшы"біліктілігінің болуы.

2.Өндірістік оқыту шебері  (бухгалтерлік есеп және аудит профилі )-1 бірлік.

Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі немесе жұмыс стажына талап қойылмайды немесе білім беру ұйымының бейініне сәйкес келетін ұйымдарда кемінде 3 жыл жұмыс стажы болуы тиіс.

Байқауға қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген байқауға қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы және байланыс телефондары көрсетілген);

4)лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері; 

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.

Азаматтық қызметке кіру кезінде адам сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы ақпараттың бар немесе жоқ екендігі туралы анықтаманы ұсынады.

Құжаттар жарияланған күннен бастап 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде қолма-қол немесе пошта арқылы қабылданады.

Мекен жайы:БҚО, Бәйтерек ауданы, Калинин ауылы, Киров көшесі- 19. Телефон:8(71130)22-733